+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына өтті

2020 жылғы 23 қаңтар 22:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық боксшы үш атақты қорғағаннан кейін IBF-тің үздік ондығына кірді Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Үміт эстафетасын бастады Чемпиондар Лигасы: «Барселона» мен «Бавария» жарысты жалғастырады

Қазақстандықтар Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымында күш сынасатын болады.

Әлемде жыл сайын төрт бірдей «Үлкен дулыға» турнирі өтетіні белгілі.

Бүгін Мельбурнда Қазақстан үшін тарихи нәтиже тіркелді деуге болады. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер жекелей сында «Үлкен дулыға» додаларында мұндай табысқа жетіп көрмеген екен.

Осыған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінің алғашқы айналымынан аса алмаған Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы, 20 жастағы Елена Рыбакинаның биылғы қарқыны жақсы. Ол ертең әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен ойнайтын болады.

Рейтингте 38-орында тұрған Юлия Путинцеваның үшінші айналымдағы қарсыласы – әлемнің 3-ракеткасы, румыниялық Симона Халеп.

Рейтингте 73-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 10-ракеткасы, Нидерланды өкілі Кики Бертенспен күш сынасады.

Демек, үш теннисшіміз рейтингте үздік ондыққа кіретін спортшылармен кортқа шығады.

Бұған дейін З.Дияс өзі үшін табысты болған 2014 және 2015 жылдары Аустралия чемпионатының үшінші айналымына дейін жеткен екен. Оның алғашқысында С.Халептен ұтылса, екіншісінде Заринаның жолын кезінде рейтингте көш бастаған тағы бір мықты теннисші, ресейлік Мария Шарапова кесті.

Ю.Путинцева 2016 жылы ғана үшінші айналымға дейін жетіп, онда ресейлік Маргарита Гаспаряннан ұтылды. Ал Е.Рыбакина Аустралия додасына алғаш рет қатысып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Аустралия чемпионатының үшінші айналымына шыққанын, Юлия Путинцеваның әлемнің 25-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT