Қазақстан тарихында Олимпиадада бірде-бір медаль алмаған облысты білесіз бе?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды. Қазір елімізден осы додаға жолдама алған әр облыстың спортшылары бір үйдің баласындай бірігіп, Тәуелсіз Қазақстанның байрағын желбіретіп қайтуға сақадай сайланып жатыр.

Осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасында жарқын жеңістерімен қуантқан Қазақстан спортшылары биыл Рио-де-Жанейро олимпиадасында сол биікті бағындыра ала ма, жоқ па ол уақыт еншісінде. Қазірге дейін спортшыларымыз Риоға жолдамалар санын жүзге жеткізді. Естеріңізде болса, Лондон олимпиадасына 116 спортшымыз барып, 25 спорт түрінен бақ сынап, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 12-орынды жеңіп алған болатын.

Осы ірі жетістіктен кейін, Қазақстан спортшылары Тәуелсіз ел ретінде қатысқан 5 жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіп алған жалпы медальдар санын 52-ге жеткізді. Оның 16-сы алтын, 17-сі күміс, 19-ы қола медаль.

Бұл медальдардың барлығы бір спортшыға немесе бір облысқа ғана тиесілі емес. Тұтас ел болып төгілген маңдай тердің нәтижесі. Алайда, Олимпиада тарихына көз жүгіртіп, осы медальдар санына қай облыс қанша ұлес қосты дегенге келетін болсақ, әр өңірдің жетістігі әрқалай. Тіпті, еліміз Тәуелсіздік алған 25 жылда, 5 жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бірде бір медаль салмаған облыс бар. Ол қай облыс? Төмендегі статистикаға назар аударайық.

Атланта-1996
3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль:
Алматы облысы - 2 алтын медаль, 1 қола медаль;
Қарағанды облысы - 1 алтын медаль;
Алматы қаласы - 2 күміс, 2 қола медаль;
Жамбыл облысы - 1 күміс, 1 қола медаль;
Ақмола облысы - 1 күміс медаль;

Сидней-2000
3 алтын, 4 күміс медаль
ОҚО - 1 алтын, 1 күміс медаль;
Алматы қаласы - 1 алтын медаль;
Ақтөбе облысы - 1 алтын медаль;
Жамбыл облысы - 2 күміс медаль;
СҚО - 1 күміс медаль;

Афины-2004
1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль
Жамбыл облысы - 1 алтын медаль;
Алматы облысы - 2 күміс медаль;
Қарағанды облысы - 1 күміс, 2 қола медаль;
ОҚО - 1 күміс медаль;
Алматы қаласы - 1 қола медаль;

 

Бейжің-2008
2 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль
Алматы қаласы - 1 алтын, 1 қола медаль;
Қызылорда облысы - 1 алтын медаль;
ОҚО - 1 күміс, 2 қола медаль;
Ақмола облысы - 1 күміс, 1 қола медаль;
Астана қаласы - 1 күміс медаль;
БҚО - 1 күміс медаль;
Алматы облысы - 1 қола медаль;
Атырау облысы - 1 қола медаль;
Маңғыстау облысы - 1 қола медаль;

Лондон-2012

7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль
Алматы облысы - 3 алтын медаль;
Қарағанды облысы - 1 алтын медаль;
СҚО - 1 алтын медаль;
Қызылорда облысы - 1 алтын медаль;
ШҚО - 1 алтын медаль;
Маңғыстау облысы - 1 күміс медаль;
Жамбыл облысы - 1 қола медаль;
Алматы қаласы - 1 қола медаль;
Астана қаласы - 1 қола медаль:
Қостанай облысы - 1 қола медаль;
БҚО - 1 қола медаль.

 

Енді осы медальдар санын әр өңір бойынша көбінен азына қарай жеке-жеке жинақтап шығайық.

Алматы облысы - 5 алтын, 2 күміс, 2 қола (9) медаль;

Алматы қаласы - 2 алтын, 2 күміс, 5 қола (9) медаль;

Қарағанды облысы -  2 алтын,  1 күміс, 2 қола (5) медаль;

Қызылорда облысы - 2 алтын, 0 күміс, 0 қола (2) медаль;

Жамбыл облысы -  1 алтын, 3 күміс, 2 қола (6) медаль;

ОҚО - 1 алтын, 3 күміс, 2 қола (6) медаль;

СҚО - 1 алтын,  1 күміс,  0 қола (2) медаль;

Ақтөбе облысы -  1 алтын,  0 күміс, 0 қола (1) медаль;

ШҚО  - 1 алтын,  0 күміс, 0 қола (1) медаль;

Ақмола облысы - 0 алтын,  2 күміс, 1 қола (3) медаль;

Астана қаласы - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2) медаль;

БҚО - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2) медаль;

Маңғыстау облысы - 0 алтын, 1 күміс, 1 қола (2) медаль;

Атырау облысы - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1) медаль;

Қостанай облысы - 0 алтын, 0 күміс, 1 қола (1) медаль;

Павлодар облысы -  0 алтын, 0 күміс, 0 қола (0) медаль;

Осы сандарға қарасаңыз, жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшыларымыз арасында Алматы облысының спортшылары ең көп жүлде алғанын көруге болады. Ал Павлодар облысынан әлі бірде-бір спортшы олимпиада ойындарында жүлдеге іліне алмай келеді.

Соңғы жаңалықтар