«Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдық жарық көреді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдығы биыл жарық көреді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан тарихын қазір қайтадан қарастырып жатырмыз. Онда әдістемеге қатысты үлкен өзгерістер бар. 7 томдық үлкен еңбек әзірленуде. Бұл еңбектің бүгінде 85-90 пайызы дайын екендігін кеше тыңдадым, ғалымдармен сөйлестім. Онда қазақ даласындағы ең алғашқы мемлекеттердің, біздің заманымызға дейін 1 мың жылдағы сақ мемлекетінің пайда болуынан бастап нақты деректер енгізіліп отыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары Республикалық тамыз конференциясы барысында.


Соңғы жаңалықтар