Қазақстан тарабы Хайнань провинциясында бесжұлдызды қонақ үй салуды жоспарлап отыр - Ло Баомин

None
None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан тарабы Хайнань провинциясында бесжұлдызды қонақ үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейінгі брифингте Хайнань провинциясының губернаторы Ло Баомин мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстан Президенті біздің делегациямызды қабылдады. Бұл біз үшін үлкен құрмет деп санаймыз. Осы орайда Хайнань провинциясы үкіметінің атынан ризашылығымды білдіргім келеді»,- деді ол.

«Екі ел басшыларының қолдауымен Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жаңа жоғары деңгейге шықты және біз екі ел арасындағы байланыстарды дамыту бағытында бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», -деді губернатор.

«Біздің үкімет бұл бастаманы міндетті түрде қолдайды. Себебі, осы бастама тек инвестиция ғана емес, бұл екіжақты достастық байланыстардың символы. Біз бірлескен жобаларды қолдауға дайынбыз»,-деді Ло Баомин.

Соңғы жаңалықтар