Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынас орнатты

2019 жылғы 14 ақпан 14:31 301
Бөлісіңіз:
Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынас орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Танзания Біріккен Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Модаст Джонатан Меро екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар
ШЫҰ өкілі Қазақстанның билік өкілдерімен лаңкестікпен күрес мәселелерін талқылайды 2018 жыл қорытындысы: ҚазАқпарат ұсынған әлемнің 10 басты оқиғасы

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қол қою рәсімі барысында Қазақстан мен Танзанияның тұрақты өкілдері экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастық орнатуға және екіжақты әріптестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқылауға қызығушылық білдірді.

 
Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынас орнаттыМодаст Джонатан Меро елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы әңгімеледі. Көпжақты ынтымақтастық шеңберінде дипломаттар БҰҰ күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде терроризмге қарсы күресу, Ұйымды реформалау және Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру салаларындағы ұстанымдардың ұқсастығын атап өтті. Осы және басқа салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық құрылымдарда өзара қолдау көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.

Танзания Біріккен Республикасы - халқының  саны шамамен 55 миллион адамды құрайтын Шығыс Африкадағы ең үлкен мемлекет. Ресми деректерге сәйкес, елдің Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) өсімі 2017 жылы 7,1 пайызды құрады. ЖІӨ-нің төрттен бірі ауыл шаруашылығы болып
Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынас орнатты табылады, бұл экспорттың 85 пайызын құрайды.

Соңғы жылдары халықаралық қаржы институттардың көмегі арқасында Танзания инфрақұрылымдық жобаларды және алтын, темір, алмаз, танзанит деген табиғи ресурстарды белсенді дамытуда.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT