+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстан «Танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

2019 жылғы 17 тамыз 15:13
Бөлісіңіз:
Қазақстан «Танк биатлоны» финалында «алтын» үшін күреседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» конкурсының көптен күткен ақтық сайысы өтеді. Соңғы жарыста Қазақстан көк түсті танкімен өнер көрсетеді. Бірінші дивизонда еліміздің әскерилерінен бөлек Ресей, Беларусь және Әзербайжанның танк экипаждары жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әскерилер Маңғыстауға артиллерияны шоғырландыру себебін түсіндірді Қорғаныс министрі ресми сапармен Өзбекстанда жүр Петропавлда 34 сарбаз «атқыш» мамандығын алды

«Танк биатлонының» «алтыны» үшін соңғы сайысқа шығатын танкішілеріміздің өнерін Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен кешкі саат 19-30-да (Мәскеу уақытымен сағат 16-30) «Звезда» телеарнасының https://tvzvezda.ru сайтынан тікелей эфирден көруге болады.

Естеріңізге сала кетсек, жартылай финалда Қазақстан өз тобындағы Қытай, Әзербайжан және Сербия командаларынан басым түскен болатын. Жалпы, биыл «Танк биатлонына» Қазақстан, Ресей, Қытай, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сынды 25 мемлекет қатысты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әскер,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT