+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстан таңдаған интеграция жолы дұрыс әрі әділ болды - Әбдіқалықова

2016 жылғы 20 қазан 12:08
Бөлісіңіз:
Қазақстан таңдаған интеграция жолы дұрыс әрі әділ болды -  Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан таңдаған интеграция жолы дұрыс әрі әділ болды. Бұл пікірді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жыл - Қазақстанның және әрбір қазақстандықтың өміріндегі айрықша жыл. Өткен ширек ғасырдың ішінде біз Ұлт көшасшысы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тарихи дамуда таңғаларлық секіріс жасап, заманауи, қуатты, қарқынды мемлекет құрдық. Қазақстан бірлік пен рух беріктігінің арқасында азаматтық келісімде адам нанғысыз өсімге қол жеткізді», - деді Мемлекеттік хатшы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.

Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстан Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынып, 5 институттық реформада мазмұндылығы айқындалған мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа сатысына көтерілгендігін баса айтты. Ұлт жоспарының мақсаты әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына ену екендігін еске салып өтті.

«Біздің барлығымызды мәңгілік әрі қуатты мемлекет құруға бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы біріктіреді. Әлемдік геосаясатта мемлекеттердің экономикалық өзара әрекеттестігі басымдыққа ме тенденциялардың бірі болып отыр. Интеграция дамудың ішкі және сыртқы факторларын тиімді жүзеге асыруға, жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап беруге мүмкіндік жасайды», - деді Әбдіқалықова.

Айта кетейік, халықаралық шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылым мен білім қызметкерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік университеттердің ректорлары қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT