+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстан Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ

2020 жылғы 5 тамыз 17:36
Бөлісіңіз:
Қазақстан Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан 10 тамыздан бастап Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйекте елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады Семейде қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталды

«Коронавирус індетінің таралуына байланысты әуе тасымалы тоқтатылған сәтке дейін Қазақстан 26 шет мемлекетпен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасында болды. Осы жылдың 1 мамырынан бастап ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында ішкі авиарейстер кезең-кезеңмен қайта жандандырылды. Қазіргі кезде ішкі әуе рейстері толығымен қалпына келтірілген», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда 15 ішкі авиабағдар субсидияланатындығын айтты.

«Ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес министрлік Түркиямен және Оңтүстік Кореямен Халықаралық авиарейстерді қайта бастау мәселесін пысықтады. Осы жылдың 10 тамызынан бастап Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандыру жоспарлануда. Ұшулар көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады», - деді Сайранбек Бармақов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT