Қазақстан тағы екі мемлекетпен сотталғандарды беру туралы келісімді рәсімдейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Литва арасындағы сотталғандарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, ондай шарттар 18 елмен жасалған.

«Қазіргі таңда біз Болгария және Солтүстік Македониямен қол қоюды қарастырып жатырмыз», - деді М.Аxметжанов ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Айта кетейік, Литвамен арадағы шартқа мәжбүрлі түрде медициналық емдеуге жіберілген азаматтар да кіреді. Осы санаттағы адамдар да өз еліне қайтарылады.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Аxметжановтың сөзіне қарағанда, Литвада Қазақстан азаматын соттаса, я болмаса, мәжбүрлеп емдеуге жіберсе, ондай азаматтар жазаны өз елінде өтейтін болады. Литва Республикасының азаматтарына қатысты шаралар да сондай болады.

«Шартта бірқатар талаптар бар. Алдымен ол біздің Қазақстанның немесе Литваның азаматы болуы тиіс. Сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің келісімі керек. Екі елде де оның жасаған әрекеті қылмыс болып табылуы тиіс. Беруге екі жақтың да келісімі болуы шарт. Сұрау келіп түскен кезден жазаны кем дегенде алты ай өтемеген болуы тиіс», - деп атап көрсетті М.Аxметжанов.

Құжат бойынша беруге жатпайтын адамдар да бар. Біріншіден, сотталғандардың еліне қайтару егемендік пен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірсе және ұлттық заңнама мен мемлекеттің мүддесіне қайшы болса, ондай азаматтар берілмейді. Екіншіден, сотталған адам келтірген залалды өтемесе, сол жерде қала береді.

Осыған дейін Мәжіліс Қазақстан мен Литва арасында сотталған азаматтарды беруге қатысты шартты ратификациялауға келісті.

Соңғы жаңалықтар