Қазақстан табиғатты пайдаланушылар қызметін экореттеудің жаңа режімін енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан табиғатты пайдаланушылар қызметін экологиялық реттеудің жаңа режімін енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз үшін, әсіресе өнеркәсіптік және энергетикалық сектор үшін Қазақстан 2013 жылы қабылданған Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы ескерер болсақ, басты мәнге ие. Энергия қамтымды төмендету, энергетикалық баланстағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу, су сапасы бойынша бекітілген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Экологиялық кодексті байыпты жаңарту қажет»,- деді орталық басшысы «Қазақстанның озық қолжетімді технологиялар принципіне көшуі: қазіргі жағдай мен келешегі» атты халықаралық конференция барысында.

Оның атап өтуінше, жаңа Экологиялық кодекске озық қолжетімді технологиялар принциптерін енгізу жөніндегі жаңа бағыт Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының құзырына берілген.

«Орталық Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығымен бірлесе отырып, озық қолжетімді технологиялар ұстанымы негізінде табиғатты пайдаланушылар қызметін экологиялық реттеу және нормалау жөніндегі жаңа режімді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді», - деді Рәпіл Жошыбаев.

Соңғы жаңалықтар