Қазақстан сыртқы саясатын күшейтуде - The Diplomat

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Diplomat басылымында Джорджтаун университетінің зерттеушісі Хамза Шарифзоданың Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мақаласы жарияланды. Онда автор Қазақстан әлемдік аренада өзінің беделін арттырып жатқаны айтылған. Сондай-ақ автор «2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясат концепциясына» сәйкес Қазақстан Республикасы дамушы мемлекеттерге қаржылай көмек беріп жатқанын жазады.

«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан басқа мемлекеттерге көмек көрсетуге 450 миллион доллар жұмсаған», - дей келе автор Дүниежүзілік банктің әлемдік экономиканың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 2012 жылы 51-орын алғанын жазған.

«Бұл Қазақстан Президентіне жаңа ұлттық стратегия - «Қазақстан -2050» бағдарламасын қабылдауға әсер етті. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына кіргізу», - деп жазады автор. Оның айтуынша, елімізде әртүрлі мемлекеттердегі даму бағдарламаларын қолдауға арналған KazAID ұлттық агенттігі құрылған.

«Қазақстан көршілес Тәжікстанға 2015 жылы 4,7 миллион доллар гуманитарлық көмек көрсеткен. Сондай-ақ былтыр Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевқа қазақстандық оқу орындарында оқу үшін студенттерге он мың грант бөлуді ұсынған еді. Ал былтыр Қазақстан Парижде ОЭСР басқару комитетінің 25-пленарлық отырысына шақырылған болатын. Соңғы жылдары Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі артты. Қазақстан Орталық Азия елдері арасынан бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Сонымен қатар 2017 жылы EXPO халықаралық көрмесін өтізгенін де атап өту керек», - деп жазылған басылымда.

Соңғы жаңалықтар