Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мажарстан Елшісін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Мажарстанның Елшісі Михай Галошфаимен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Е. Әлімбаев қазақ-мажар стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегіне жоғары баға беріп, Қазақстан тарапының оны екіжақты негізде де, халықаралық аренада да одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Министрдің орынбасары М.Галошфайдың екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған ҚР СІМ Құрмет грамотасын табыс етті.

Өз кезегінде, Мажарстан Елшісі еліміздегі дипломатиялық миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар