+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына қосылды

2019 жылғы 15 қазан 19:00
Бөлісіңіз:
Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Еуропа Кеңесінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына (СЖКМТ) қосылу келісіміне қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің жаңа куәлігі таныстырылды Түркістан облысы әкімдігінің қызметкері жемқорлық үшін сотталды Атырау облысында мектеп бухгалтерлері 40 млн. теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленіп кеткен

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылы 27 тамызда тиісті Жарлыққа (№139) қол қойған болатын.

СЖКМТ – 1999 жылы Еуропа Кеңесінің бастамасымен құрылған, оған Қазақстанға дейін Австрия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Финляндия сияқты 49 мемлекет кірген. Пост–кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасынан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина және Эстония мүше.

Ұйымның алдына қойылған екі басты міндеті – мүше мемлекеттерде сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау және алдын-алу саласындағы оң тәжірибемен алмасудың базасын жасау.

Қазақстан жағынан шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

Еуропа Кеңесінен Бас хатшының орынбасары Габриэлла Баттаини-Драгони қатысып, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудағы біршама ілгерілеушілігі мен оның бастапқы ұсыныс берген сәтінен бастап орын алған оң өзгерістерін атап өтті.

«Мен Қазақстанның жетістіктерімен және СЖКМТ мүше мемлекеттерімен тиімді ынтымақтасуға дайындығын мақтан етемін. Біз келесі қадамдарды, соның ішінде Сіздің елдің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияға қосылуын тағатсыздана күтемін», - деді ол.

Алик Шпекбаев Қазақстанның Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен оның мүшесі болмай тұрып, 1997 жылдан бастап ынтымақтастық орнатқанын мәлімдеді. Ол: «Біз ерекше қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша Кеңестің мүше мемлекеттерімен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірқатар кеңейтілген келісімдерге қатыса аламыз», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан 2012 жылдың наурыз айынан бастап құқықтық демократия үшін Еуропалық комиссияның (Венеция комиссиясы) қатысушысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT