Қазақстан Сурдлимпиададан алғашқы алтын медальді жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада-2021 ойындарында алғашқы алтынды алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Оның иегері - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен дзюдошы Еркебұлан Қанафин.

Моңғолия мен Франциядан келген қарсыластарын жеңген Қанафин финалда оңтүстік кореялық спортшыдан басым түсті.

Айта кетейік, есту қабілеті нашар спортшылар бақ сынайтын 24-ші Сурдлимпиада ойындары өткен жылы өтуі тиіс болған.

Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 2022 жылға ауыстырылды. Сурдлимпиада 1-15 мамыр аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, осыдан үш күн бұрын Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында жазғы Сурдалимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар