+7 (701) 759 90 19
USD 427.55 EUR 515.84
RUB 5.75 CNY 66.24
Jańalyqtar

Қазақстан суармалы су алу үшін 4 елмен жеке-жеке келіссөз жүргізуге мәжбүр - министр

2020 жылғы 6 қараша 11:45
Бөлісіңіз:
Қазақстан суармалы су алу үшін 4 елмен жеке-жеке келіссөз жүргізуге мәжбүр - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан суармалы судың қажетті көлемін алу үшін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен жеке-жеке келіссөз жүргізуге мәжбүр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзбекстанға келетін болсақ, су шаруашылығы қатынастары Сырдария өзенінің бассейні бойынша жүзеге асырылады және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан арасындағы бесжақты келісім аясында реттеледі. Келісім аясында Ведомствоаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясы жұмыс істейді. Сырдария өзенінің бассейні бойынша негізгі проблема бұрын Кеңес заманында белгіленген су ресурстарын бөлу тәртібін бұзу болып табылады», - деді ол Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік алғаннан кейін елдер тәуелсіз су шаруашылығы саясатын жүргізеді және көптеген жағдайларда төменгі ағыс елдерінің мүдделері ескерусіз жүзеге асырылады.

«Өз кезегінде, Қазақстан өзендердің төменгі ағысында орналасқан ел ретінде вегетация кезеңінде суармалы судың тапшылығын қатты сезінеді. Осыған байланысты, суармалы судың қажетті көлемін алу үшін біз тараптардың әрқайсысымен жеке келіссөз жүргізуге мәжбүрміз. Айта кету керек, биыл Өзбекстан Республикасымен елеулі жұмыс жүргізілді. Осы жылдың жаз айында проблемалық мәселелердің барлық спектрін қамтитын және олардың шешу мерзімдерін айқындайтын су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасына қол қойылды. 1991 жылдан кейін салынған және қайта жаңартылған су шаруашылығы құрылыстарына бірлескен тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау туралы келісім жобасы талқыланды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ, ол трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау туралы келісім жобасы талқыланғанын айтты.

«Бұл бұрын су балансында ескерілмеген су қоймаларын анықтау үшін жасалды. Бүгінгі күні келісім жобасының мәтіні 80 пайызға келісілді. Келіссөздер жалғасуда. Бұл болашақта Өзбекстан аумағында орналасқан негізгі су шаруашылығы учаскелерінде су ресурстарын бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT