Қазақстан студенттері бір күнге БҰҰ «мүшелеріне» айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бір күнге БҰҰ "мүшелеріне" айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дəлірек айтсақ, Қазақстанның жəне Орталық Азияның өзге де елдерінің БҰҰ-ға мүше болуына 25 жыл толуына орай өткен "БҰҰ моделі - Жаңа Жібек жолы" атты халықаралық конференцияда студенттерге сондай рөл берілген. Конференцияның тағы бір маңызды тұсы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына арналды.

Конференция барысында Алматының əртүрлі университетінен келген студенттер Біріккен Ұлттар ұйымының жұмысымен жақынырақ танысты. Яғни, студенттер бір күнге дипломат атанып, саяси білімдерін шыңдады. Конференцияға қатысқан БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюро жетекшісі Властимил Самек, Қазақстандағы АҚШ Бас консулы Марк Муди қазақ жастарының біліміне зор баға берді",-дейді əл-Фараби атындағы ҚҰУ-ның ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Т.Рамазанов.

Ал, АҚШ-тың еліміздегі Бас консулы Марк Муди Қазақстанды Тəуелсіздіктің жəне БҰҰ-ға мүше болуының 25 жылдығымен құттықтап, конференцияға қатысқан Орталық Азия елдерінің студенттері мен Қазақстанның жастарына алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2017 жылдың 1  қаңтарынан бастап екі жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды. Қазақстанның кандидатурасын 193 елдің 138-і қолдаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар