Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар инстуты және Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 30 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, ҚР Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің жетекші талдау орталықтарының сарапшылары қатысты.

Конференция Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуы мен болашағына, сондай-ақ жаһандық және аймақтық сын-қатерлер мен екі ел арасындағы ынтымақтастықты талдауға арналды.

Жалпы сарапшылар әлемдік саясаттағы үрдістер мен өзгерістер, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.


Соңғы жаңалықтар