Қазақстан Статидің бастапқы ісіне қатысты Швеция шешіміне дауласа ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Швецияның Статидің бастапқы ісіне қатысты шешіміне дауласа ма? Бұл сауалға бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міне, Статидің бір де бір процесте жеңе алмағанына бір жылдан астам уақыт өтті. Барлық юрисдикциялардағы шешімдер түгел Қазақстанның пайдасына қабылданып жатыр. 500 млн доллар сомасына бастапқы шешімге қатысты айтар болсам, бұл шешімде қайта ашылған мән-жайға байланысты дауласуға болады. Мұндай мән-жай юрисдикциялардың біріндегі сот шешімі бола алады. Әңгіме АҚШ немесе Еуропа елдері жайында болып отыр. Сот біздің алаяқтыққа айыптауымыз бойынша шешім қабылдаса, егер сот алаяқтықты танитын болса, онда бұл қайта ашылған мән-жай саналады. Сонымен Швецияға баруға болады», - деді Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, 11 наурызда Англияның Жоғарғы соты Стати тарапының Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық банкіне 3,7 млн АҚШ долларынан астам сот шығынын төлеуге міндеттейтін сот бұйрығының күшін жоюға қатысты өтінішін қабылдамау туралы шешім шығарған еді.


Соңғы жаңалықтар