Қазақстан «Спутин Лайт» вакцинасын жеткізуге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан «Спутин Лайт» вакцинасын жеткізуге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада «Спутин Лайт» вакцинасы болады. Жеткізе салысымен ревакцинация үшін қолжетімді етеміз. Біз келіссөз жасадық. Қазір жеткізуге қатысты келіссөз жүргізіліп жатыр. Бүгінде екі жолдың қайсы жылдам болатындығын қарастырып жатырмыз. Не өзімізде шығарамыз, не болмаса тезірек жеткіземіз», - деді Алексей Цой Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Жалпы, министр дерегінше, QazVac, «Спутник V» сынды вакциналардың 1-компонентімен елімізде 8,8 млн-нан астам, екінші компонентімен 8,3 млн-нан астам адам егілді. Сонымен қатар 136 мың адам ревакцинация алды, 188 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды.

Ол сондай-ақ «Спутник-V» вакцинасының ревакцинацияға қолданылмау себебін түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар