Қазақстан спортшысы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 жастағы қазақстандық Игорь Косолапов Колумбияның Кале қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық биіктікке секіруде 2,08 метрді бағындырды. Финал 5 тамыз күні таңертеңге сағат 4:10-да басталады. Медальдар үшін 12 атлет таласатын болады: олардың тоғызы 2,08 метрді еңсерді, қалған үшеуінің нәтижесі – 2,04 метр.

Сондай-ақ 3 тамыз сағат 20:45-те квалификацияда Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), 4 тамызда сағат 22:05-те Ақбаян Нұрмамет (1,5 метрге жүгіру) өнер көрсетеді.

Ал Ясмина Тоқсанбаева (10 мың метрге спорттық жүріс) 5 тамыз күні сағат 21:30-да бірден медальға таласады», - делінген «Спорт Шредингера» Telegram-каналында.

Ал Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Instagram-да: «Игорь Косолапов биіктікке секіруде 2.08 нәтижесімен финалға өтті. Жарайсың!», - деп жазды.




Соңғы жаңалықтар