+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Қазақстан спортшылары елорданың жалғызбасты қарттарына ыстық тамақ жеткізуді қолға алды

2020 жылғы 4 сәуір 16:30
Бөлісіңіз:
Қазақстан спортшылары елорданың жалғызбасты қарттарына ыстық тамақ  жеткізуді  қолға алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында және басқа да бірқатар өңірде басталған карантин кезеңінде жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізу туралы Қазақстан спортшыларының #Bizbirgemiz акциясы Нұр-Сұлтан қаласында қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бастама бизнес пен бұқараны халыққа көмек көрсетуге шақырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.


Бүгін «NurOtan» партиясы Nomad MMA республикалық федерациясымен бірлесіп, Қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясының, Қазақстанның «ПенчакСилат» әскери өнер қауымдастығының қолдауымен, елордада тұратын жалғызбасты қарияларға ыстық тамақ жеткізуді бастады. Бұл акциямен барлығы 200-ден астам жалғызбасты адам қамтылады.


Акцияның бастамашысы — Nomad MMA федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

«Осынау қиын кезеңде біз халықтан сырт қала алмаймыз. Қазіргі карантин кезеңі әсіресе жалғызбасты қарияларға ауыр тиіп жатыр. Олардың көбісі өздеріне тамақ дайындай алмайтын жағдайда. Біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Егер аймақтардағы бизнес-қауымдастық біздің акциямызды қолдап, қарттарымыздың қамқорлықсыз, көмексіз қалдырмай, қолдарынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын болса, біз оған қуанамыз», - деді Н. Гаджиев.

Жұмысқа тартылып отырған курьерлер санитарлық норма-ережелерге сәйкес, қорғаныш костюмдерімен және басқа да құралдармен қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, «NurOtan» партиясының Алматы қалалық филиалы, қала әкімдігі және Nomad MMA федерациясы 27 наурыздан бастап жалғызбасты қарттарға тегін ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырған болатын. Алматыда басталған акция Қарағанды, Атырау, Көкшетау және Құлсары (Атырау облысы) қалаларында қолдау тапты. Бүгінгі таңда карантин кезеңінде 1500 мыңнан астам қария ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT