Қазақстан Сочиде өткен панкратионнан әлем чемпионатында екінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ММА, панкратион және грэпплинг ұлттық федерациясының өкілдерінен құралған Қазақстан құрамасы «панкратионнан Ресейдің Сочи қаласында Elite» дәрежесі бойынша өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұлттық федерация баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дәурен Ермеков (84 кг) пен Нұрбек Қабдрахманов (66 кг) әлем чемпионы болды. Азамат Марқабаев (60 кг), Ерлан Байтин (77 кг), Еркінбек Инжель (92 кг), Денис Власов және Саламат Қалжанов (екеуі де 100 келіден ауыр салмақта) қола жүлдегер атанды.

Осы дивизионның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағын Гамлет Асанов (60 кг), күміс медальды Сымбат Айменов (77 кг) жеңіп алса, Раффаэль Тасболатов (71 кг), Есқали Қайыров (66 кг) және Ғани Әділсерік (57 кг) құрама қоржынына қола медаль салды.

«Athlima» дәрежесінде күміс жүлдені Дәурен Ермеков (84 кг), қола медальдарды Дастан Амангелді (60 кг), Азамат Марқабаев (60 кг), Владимир Шмаргалев (77 кг), Жұмагелді Жалғасұлы (66 кг), Думан Балмұханов (84 кг), Гойти Дазаев (92 кг) еншіледі.

Спортшы қыздарымыз да жүлдесіз оралған жоқ: Ақбөбек Ерғалиева 58 келі салмақта әлемнің вице-чемпионы атанды, ал Анастасия Гудкова (64 кг) қола жүлдені иеленді.

Осы дивизионда жасөспірімдер арасында Мирас Қажымұратов (66 кг) пен Арлан Шаймолда (52 кг) әлем чемпионы атанса, Есқали Қайыров (62 кг), Ерлан Комсомолов (46 кг) және Қадырбек Әділжан (60 кг) күміс, Ғалымтай Борашев (58 кг), Юрий Нестерук (65 кг), Әділет Шаймерден (75 кг), Тілек Асылбекұлы (54 кг), Нұрсұлтан Ғизатоллаев (71 кг) қола медальдардың иегері атанды.

Қазақстан құрамасы, бұл айтылғандардан тыс, әлем чемпионатындағы ең бірлігі жарасқан команда ретінде де әлемге танылды.

Соңғы жаңалықтар