Қазақстан следж-хоккейді дамытпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті следж-хоккей үшін спорт құралдарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттың осы түрі кең таралмаған мемлекеттерде оны насихаттау туралы Халықаралық паралимпиадалық комитеттің бағдарламасы арқасында Ұлттық паралимпиада комитеті грант иегері атанды.

«Қазақстан спорттың бұл түрі бойынша қолданылатын жабдықтардың 14 жұбына қол жеткізіп, оны дамытуға жол ашылып отыр. Қазақстан паралимпиада комиеті серпінді дамуға осылай нық қадам жасай береді», - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Жаңа спорт инвентарьін бірінші болып, Батыс Қазақстан облысының мүмкіндігі шектеулі спортшылары қолданатын болды.

«Ұлттық паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиадалық комитетпен бірлесе отырып және «Агитос» қорының қолдауымен елімізде мүгедек жандарға арналған следж-хоккейді дамытуды мақсат етіп отыр. Жаңадан алынған спорт инвентарьлары елімізде следж-хоккейді дамытуға, таныстыруға септігін тигізеді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Следж-хоккей немесе шана үстіндегі хоккей - мұз үстіндегі командалық ойын. Ол мүгедек жандар үшін шайбалы хоккейдің баламасы болып саналады.

Соңғы жаңалықтар