Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 10 °С
Алматы: 19 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Қазақстан СІМ Қырғызстан Президентінің сөздеріне байланысты мәлімдеме жасады

2017 жылғы 7 қазан 18:36 2239
Бөлісіңіз:
Қазақстан СІМ Қырғызстан Президентінің сөздеріне байланысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың сөздеріне байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды.

Қырғызстан Президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз.

Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала береді»,- делінген мәлімдеме мәтінінде.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат