Қазақстан ШЫҰ-дағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты ұсыныстар әзірлеп жатыр
2022 жылғы 1 шілде 13:50

Қазақстан ШЫҰ-дағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты ұсыныстар әзірлеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық Азия елдері ХХІ ғасырда аймақты дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды.

Бұл туралы «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай Азиядағы басты серіктесіміз болып қала береді. Біз сауда ынтымақтастығы үшін үлкен әлеует көріп отырмыз және қазақстандық өнімдердің экспортын арттыруға мүдделіміз. Еуразиялық интеграция мен «Белдеу және жол» бастамасын түйіндестіру инфрақұрылымдық өзара байланысты нығайтуға және тұрақты өсуді қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп күтеміз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың барлық саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бекініп, 2023-2024 жылдардағы төрағалығы аясында тиісті ұсыныстар дайындап жатыр.

«Сыртқы саясатымыздың ең маңызды басымдығы - Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны тереңдету. Қазақстан аймақтың экономикалық, көліктік-логистикалық және инвестициялық әлеуетін ашу үшін бірқатар бастама көтеріп отыр. Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің арқасында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қамтитын ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы келісімге қол жеткізілді», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Фото: news.milli.az

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT