Қазақстан шынында да қуатты мемлекет - Қырғыз елі бауырлас көршісін Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстанның басты мерекесі мен егемендігінің тарихын көрші Қырғызстан халқы жақсы біледі. Мерейлі күнге орай, бүгінгі күні бауырлас елдің мемлекеттік органдарының өкілдері мен халқы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қырғыз Республикасының Жогорку Кеӊешінің депутаты, Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының жетекшісі Гүлшат Асылбаеваның айтуынша, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақтылығы, қаржылық және заңнамалық салалардағы жетістігі Мемлекет басшысының биік дәрежедегі ұйымдастырушылық қабілетін көрсетеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік қауымдастықтармен демократиялық мемлекет ретінде мойындалған ел. Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтылықты, өзара түсіністікті сақтап қалуға шақырады. Осы барлық жетістіктердің артында Мемлекет басшысының аса ауқымды әрі көпқырлы жұмысын танып білуге болады», - дейді ол.

Елдің жетістіктері мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлін осы күндері Қырғызстанда өтіп жатқан түрлі іс-шаралар мен конференцияларда саясаткерлер мен сарапшылар ерекше атап өтіп жатыр.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Динара Кемелова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен өткен жылдар ішінде Н. Назарбаев үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, Қазақстан аймақтағы алдыңғы қатарлы мемлекеттердің біріне айналғанын тілге тиек етті. Ол достық әрі бауырластық қарым-қатынастар, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ары қарай жалғасатынына сенім білдірді.

Көптеген жергілікті БАҚ-та мақалаларын бұл күнде Қазақстанға арнап жатыр.

Атап айтқанда, Қырғызстандағы ең салмақты әрі көне газеттердің бірі «Қырғыз Туусу» (1924 жылдан бері шығады) Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған мақала жариялады. Оның авторы, журналист Назарбек Байжігітов былай деп жазады:

«... Жетекші рөл - лайықты түрде осы елдің көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Саяси ерік-жігерсіз, интеллектсіз және мемлекеттің бірінші тұлғасының зор еңбегінсіз мұндай нәтижелерге жету мүмкін емес».

Көрші Қазақстанның барлық табысын тізбектей келе автор:

«Соңғы екі онжылдықта Қазақстан халықаралық үрдістерде сенімі берік, дамыған және терең интеграцияланған мемлекетке айналды. Бүгін де бұл ел әлемге этносаралық татулықтың қандай болуы керектігі екенін танытты. Бұл, шынында да қуатты әрі экономикалық әлеуеті зор, саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет. Мемлекет аймақтық интеграцияның мойындалған локомотивіне айналды. Осының арқасында Қазақстан шетелдік инвестициялардың миллиардтаған долларын тарта білді», - дейді.

Ал Қырғызстан халқы Ассамблеясының өкілі Зухра Шидакова Қазақстан туралы ойымен бөлісе келе Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі - ел орталығын Астанаға ауыстыру екенін атап өтті:

«Мен Астанадағы халықаралық конференцияда болғаныма қуандым. Қала мені таң қалдырды. Астананы Алматыдан Астанаға көшірудің артында жігерлі шешім мен аса ауқымды еңбек жатыр! Қала - әлемдегі ең әдемі шаһарлардың бірі. Бүгін де Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіреді, бұл Президент пен оның халқының үлкен табысы».

Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты Жәнібек Бакчиев болса Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, екі ел арасындағы ерекше жылулық пен тату көршілікті, бауырластық қарым-қатынасты үлгі етті:

«Қазақтар мен қырғыздар - бауырлас халық. Сондықтан мен сіздің еліңіздің жетістіктеріне қуаныштымын. Қазақстанға сәттілік тілеймін».

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап Қырғызстан футбол федерациясы арнайы турнир өткізді. Оған Қырғызстан Парламентінің өкілдері, Қырғызстанда жұмыс істейтін бірнеше қазақстандық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан елшілігінен қызметкерлер қатысты.

Бұдан басқа Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесіне орай қырғыз суретшісі Сапарбай Осмоналиевке «Құрмет» ордені тапсырылды. Суретшіге орден Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр.


Автор: Наталья Гильт

Соңғы жаңалықтар