Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы «аралық нарық» ретінде пайдасын тигізе алады - ҚР Президенті
2022 жылғы 24 маусым 20:28

Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы «аралық нарық» ретінде пайдасын тигізе алады - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогында аржы ахуалының нашарлауы қарызы көп мемлекеттерге, бизнес пен отбасылардың тұрмыстық жағдайына ауыр тиіп қана қоймай, жаһандық жеткізу желісінің бұзылуына әкеп соқтыратынын айтты.

Сондай-ақ, ҚР президенті әлем бойынша инфляцияның қарқынды өсуі шешімін қажет ететін тағы бір өзекті міндет екенін атап өтті.

– Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы «аралық нарық» ретінде пайдасын тигізе алады. Ұзақ мерзімді перспективада бізге ашық, әділ, өзара үйлесімді әрі орнықты жаһандық экономиканы сақтап қалу керек. Бұл ретте, өсім мен өзара байланыстылықтың жаңа дәуіріне жол ашатын БРИКС+ және «Бір – белдеу, бір – жол», сондай-ақ Үлкен Еуразиялық серіктестік бастамаларының мол әлеуеті бар екенін көріп отырмын, – деді Президент.

Президент Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізудің маңызды екеніне назар аударды.

– БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Саммитті келесі жылы шақыру арқылы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін жүзеге асыруға күш салу жөніндегі белсенділігін құптаймын. Біз барлығын, әсіресе, әйелдерді, жастар мен балаларды, егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды ескерусіз қалдырмай, өз міндеттемелерімізді нақтылауымыз қажет. БРИКС+ елдері Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты қысқартуға және дамудағы теңсіздікті жоюға өз үлесін қоса алар еді, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысқанын жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT