Қазақстан шипажайларын насихаттаған жыр мүшайрасы мәресіне жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» шипажайында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты Республикалық жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Алматы» шипажайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және шипажайдың құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты Республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырған болатын.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сайыстың қорытындысы шығып, жүлдегерлер марапатталды. Елімізге белгілі ақындар қазылық жасаған жыр сайысында алматылық Серік Қалиев  1-ші орынды иеленді.

2-ші орынды Жамбыл облысынан келген ақын Қуаныш Қолқаев пен астаналық Қасым  жеңіп алса, 3-ші орынды семейлік Айдана Сегізбаева, алматылық Бауыржан Әлқожа тараздық Наурызбек Саршаев бөлісті.

Манас Қайыртай, Аслан Тілегенов, Сайлаубай Тойлыбаев, Ұлмекен Лесбекова сынды ақындар ынталандыру сыйлығын алды.

Айта кетейік, аталған шипажай мүшайраға қатысқан ақындардың жыр жинағын шығарып беретін болды.

Соңғы жаңалықтар