Қазақстан шетелдік талантты жастарға Назарбаев Университетінде оқуға гранттар ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Назарбаев Университетінде Орталық Азия мен басқа да елдердің талантты жастарын оқытуға гранттар ұсынады. Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Сөз арасында Мемлекет басшысы «Кедейлікті жою» жол картасының әзірленетініне тоқтала келе, бұндағы басты құрал ретінде адамға инвестицияны, инфрақұрылым мен бизнесті дамытуды атап өтті.

«Қазақстанда бұл бағытта үлкен оң тәжірибе қалыптасты. 2000 жылдың басындағы еліміздің экономикалық өсім қарқыны үдей түскен шақта, ел азаматтарының дәулеттілігін қалай трансформациялаймыз деген мәселемен бетпе-бет келдік. Екінші жағынан, біз жұртшылықты әлеуметтік қолдаудың айтарлықтай мүмкіндігіне ие болдық. Біз адами капиталға инвестицияны таңдадық, әрине бұның тимділігі тез сезілмегенімен, ел өміріндегі сапалы өзгерістерге қол жеткіздік», - деді Елбасы Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы осы бағытта «Болашақ» бағдарламасы қолға алынғанын, оның аясында 10 мыңдаған жастар, оның ішінде аз қамтылған отбасының талантты балалары әлемнің жетекші оқу орындарында білім алғанын алға тартты. «Біз білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне, әлеуметтік инфрақұрылымдарға айтарлықтай инвестиция бағыттаудамыз. Қазақстандықтардың өмір сүру жасы соңғы 7 жылда 4,5 жылға артты. Біз жұртшылықтың кедейлік деңгейін 13 есеге дейін азайттық. Сонымен қатар, біз табыстар бойынша халықтың аражігі айтарлықтай ажырап кетуіне жол бермедік. Сондықтан да, бүгінгі күні біз осы бағыттағы тәжірибені өңірдегі мемлекеттермен бөлісуге дайынбыз. Соның ішінде Назарбаев Университетінде Орталық Азия мен басқа да елдердің талантты жастарын оқытуға гранттық бағдарламалар ұсына аламыз», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар