Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін әлі де тартымды ел – Тоқаев

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін әлі де тартымды ел. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Біз шетелдік инвесторлар үшін әлі де тартымдымыз. Қазақстан әлемде халықаралық істерде жауапты және өз дамуында прогреске қол жеткізуге бағытталған әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылатын қарқынды дамушы ел ретінде кеңінен танымал. Бұл әсіресе күрделі геосаяси жағдайда, жалпы араздық пен сенімсіздік атмосферасының өсуі аясында өте маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жақында елімізге Римм Папасының сапарлағанына тоқталып өтті.

«Таяуда, қыркүйек айында өздеріңіз де білетіндей, Рим Папасы Франциск Қазақстанға келгенде айтқан уағыздарының бірінде елімізді «кездесу менен диалог орны...» ретінде көрінетінін, «бейбітшілік пен адами бауырластықты ілгерілету ісінің қозғаушы күші» болып табылатынын, «бір-бірін құрметтейтін бейбітшілік құру күш-жігері» орталығы санайтынын мәлімдеді. Понтификтің және адамзаттың ең беделді рухани көшбасшыларының бірінің осы сөздері Қазақстанды жан-жақты өте жақсы сипаттайды және құндылықтарымызды ерекше көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар