«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен»: үздік бес мақала анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты бесінші халықаралық байқау жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, биылғы байқауға 20-дан астам мемлекеттен 85 өтінім келіп түскен және бес құрлықтан 5 журналист үздік деп танылған. 

null«Бір ғана Астананың 20 жылдық мерейтойы туралы шетелдік БАҚ-та 300-ге жуық мақала жарық көрді. Олардың басым бөлігі - Астанаға арнайы сапарлап келген журналистердің эксклюзивті мақалалары еді», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде. - Одан бөлек, байқауға келіп түскен ресейлік, грузиялық, әзербайжан журналистерінің тамаша материалдары болды. Барлығын бірдей марапаттай алмаймыз, дегенмен шетелдік БАҚ-та жарық көрген әрбір мақала - үлкен еңбектің жемісі және біз үшін өте бағалы. Сондықтан, бұл байқаудың жалғасын табарына сенімдімін». 

nullТМД және Балтық елдері авторларының арасынан 2017-2018 жылдар ішінде Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарын белсенді жариялағаны үшін Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің (ӨзА) тілшісі Ұлықбек Шоназаров жеңімпаз атанды. Ол ұсынған мақалалар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған. 

Сонымен бірге, қазылар алқасы Еуропа журналистері арасынан британдық Джилли Пикапты марапаттады. Оның Қазақстанға саяхаты туралы «One Steppe Beyond» атты мақаласы «Country and Townhouse» журналында жарық көрген. 

nullАмерикалық Александр Липовцев пен Стефан Рабимовтың «Forbes» журналына шыққан «Қазақстанның бес ғажайыбы: неліктен сәндік туризм Орталық Азияда дамып жатыр» атты мақаласы Америка құрлығының журналистері арасындағы ең үздік мақала болып танылды.

Таяу Шығыс пен Африка елдерінің журналистері арасынан Қазақстанның дамуына, сыртқы саясатына және Астананың 20 жылдығына арналған сапалы материалдар сериясы үшін иорданиялық Айман Абдельхафез аз-Забен жеңімпаз атанды. 

nullАзия, Аустралия және Океания елдерінен жеңімпаз ретінде қазылар алқасы «Business Central Asia» журналында жарияланған «Astana: the capital has it's own charms and pleasures» атты мақаласы үшін үндістандық Индервир Сингхті марапаттады. Мақалада Астананың сәулеті суреттеліп, кей ғимараттар мен құрылымдардың қысқаша тарихы жазылған және қаланың өсуі туралы статистикалық мағлұматтар келтірілген.

Жеңімпаз атанған бес журналист Астана, Алматы қалаларына және Бурабай курорттық-демалыс аймағына сапарлайды және Қазақстанның мәдени-тарихи нысандарымен танысып, Қазақстанның лауазымды тұлғаларымен, сарапшылармен, журналистермен, мәдениет, спорт, туризм саласының өкілдерімен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар