Қазақстан шет мемлекеттерге жыл соңына дейін 15 мың тонна ет экспорттайды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан шет мемлекеттерге экспортталған ет көлемі 15 мың тоннаға жетеді. 

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Astana Agroforum-2018 республикалық кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ет бағдарламасына сәйкес мақсатымыз - зәкірлік кооперациялар жүйесін және шамамен 100 мың шағын отбасылық ферма құру. Кооперация құрамында мал бордақылау алаңдары меен ет комбинаттары жұмыс істейтін болады. Ал сүт саласындағы мақсатымыз - алдағы бес жылда 1 млн тонна сүт өндіру. Мұнда да негізгі тетік ірі сүт-тауарлық компаниялармен жұмыс істейтін отбасылық сүт фермалары болмақ», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл бағдарламалар өз жемісі беріп жатыр. Мәселен, 2017 жылы еліміз 5,5 мың тонна ірі қара мал етін экспортқа шығарса, осы жылдың 9 айында ғана экспортқа жөнелтілген ет көлемі 11 мың тоннадан асып жығылды.

«Біз жыл соңына дейін 15 мың тонна сиыр етін экспортқа шығарамыз деп толық сеніммен айта аламыз», - деді Ө.Шөкеев.

Сонымен қатар ол еліміз алдағы бес жылда құс етін өндіруді 5 есе ұлғайты мақсатын алға қойып отырғанын айтты.

«Оған мүмкіншілік те бар. Мәселен, таяуда Макинскіде біздің өлшеммен өте үлкен саналатын, жылына 50 мың тонна құс өтін өндіретін фабриканы аштық», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан Astana Agroforum-2018 республикалық кеңес қатысушыларына құттықтау жолдады.

Соңғы жаңалықтар