Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекеті қайта жаңартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 9 авто мен 1 теміржол өткізу пункті қайта жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткізу пунктеріндеі техникалық қайта жарақтандыру да жоспарланған. Өзбекстанмен шекарадағы «Б.Қонысбаев» бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталды. «Нұр Жолы» бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекара кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік беретін «Электронды кезек» жүйесін енгізу жоспарлануда», - деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу ісі де кеңінен қолданылып келеді. Бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Еске сала кетсек былтыр «Қордай» өткізу пункті кеңейтіліп, қайта жаңартылатыны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар