Қазақстан шекарасында 40 мың доллармен өзбекстандық ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан қомақты сомада декларацияланбаған тауар мен валюта шығармақ болған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш» теміржол көліктерін өткізу бөлімшесінің шекара наряды «Рыбачий - Ташкент» бағытымен кетіп бара жатқан пойыздың вагонынан Өзбекстан азаматын ұстады. Ол өзімен бірге Мемлекеттік шекарадан 5 400 000 теңгенің декларацияланбаған тауарларын (449 дана газ құбырының есептегішін) жасырын алып өтпек болды. Тауар тәркіленіп тиісті орындарға өткізілді», - делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметіне баспасөз қызмеінің мәліметінде.

Бұдан бөлек, «Қазығұрт» автокөліктерді өткізу бөлімшесі қызметкерлері валютаны заңсыз өткізу фактісін анықтады.  Ол жердегі шекара наряды елден шығып бара жатқан жүргізушісі Өзбекстан азаматының Лексус 570 автокөлігін кеден қызметкерлерімен бірге тексерген. Осы орайда 40 100 АҚШ долларының заңсыз шығарылып бара жатқандығы тіркелді. Бұл факті бойынша акт жасалынып, тиісті орындарға тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар