Қазақстан шекарасынан 5 келіге жуық алтын бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған азаматша ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар контрабандалық жолмен 5 келіге жуық алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды алып өтпек болған азаматшаны ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бейнеу теміржол» шекаралық бақылау бекетінің шекарашылары «Мәскеу-Худжанд» бағытында кетіп бара жатқан №360 пойызынан Тәжікстан азаматшасын ұстады. Оның жүгін қарау кезінде сары түсті металдың «585» сынамасынан жасалған 5 келіге жуық әшекей заттар табылды. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары құлақтандырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар