Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық ұсталды


Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағына заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.

«15 ақпанда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды. Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.


Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі






Серіктестер жаңалықтары