Қазақстан шекарашылары 34 заңсыз еңбек мигрантын ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Орал шекара отрядының шекарашылары 34 заңсыз еңбек мигрантын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кеше жедел іздестіру шаралары барысында Орал шекара отрядының сақшылары Батыс Қазақстан облысындағы Богатск елді мекенінде жұмыс істеп жүрген 34 Өзбекстан азаматын ұстады. Қолға түскендердің Қазақстанға келу мақсатын куәландыратын құжаттары жоқ болып шықты. Өздері Қазақстанға уақытша ақша табу үшін келгендерін айтып отыр», - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Сонымен қатар, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының 5 азаматы мен Ресей Федерациясының 1 азаматы шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылмақ. Қазір бұл дерек толық тергеу жүргізу үшін облыстық ІІД көші-қон полициясына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар