«Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні анықталды

None
pixabay.com
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

««Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович (жерасты электр слесарі, 5-санат, еңбек өтілі 39 жыл). Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген «АрселорМиттал Темиртау» мәліметінде.

Қалған жұмысшыларды іздестіру жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетіледі», - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Айтылып өткендей, компания апат себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды. Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті. 4 жұмысшыны іздестіру жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

«Әскерилендірілген кәсіби апаттық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский шахтада адамдарды іздестіру қалай жүріп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар