Қазақстан сейсмологтары Қытай мен Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 21 қараша күні екі бірдей жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның бірі Алматы уақытымен 18 сағат 30 минут 35 секундта, екіншісі 19 сағат 34 минут 29 секундта болған.

Бірінші зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 290 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы 9.3. MPV магнитудасы – 4.1. Эпицентрінің ошағы 40.63° с.е 77.52° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ

Ал екінші зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 525 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.5. MPV магнитудасы – 4.3. Эпицентрінің ошағы 39.49° с.е 73.03° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Сезілгені жайлы ақпарат жоқ

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Тәжікстан аумағында және Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 285 км қашықтықты Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелген еді.

Еске сала кетейік, Индонезияда болған жер сілкінісінен 46 адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алған болатын.


Фото: media.realitatea.net

Соңғы жаңалықтар