+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді

2021 жылғы 24 шілде 02:33
Бөлісіңіз:
Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі соңғы екі сағатта 2 бірдей жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді Қытайдағы жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды Қытайдың оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі болды

Оның бірі Алматы уақытымен 23 шілде күні 23 сағат 44 минут 23 секундта болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5, тербелісі – 4.1.

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңде болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Ал екінші дүмпу 24 шілде Алматы уақытымен 01 сағат 44 минут 9 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 561 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5, тербелісі – 4.3.

Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған.

Төтенше жағдай Алматы қаласында сезілген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT