Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдер сатып алды
2022 жылғы 28 маусым 09:50

Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдер сатып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 250-ге жуық сериал түсірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы 166 телеарнаның ТОП-10-на 6 қазақстандық телеарна, оның ішінде 3 мемлекеттік телеарна кірді. Соңғы 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерге сатылды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік телеарналар әлеуметтік желілерде ақпаратты ілгерілету бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

«Мәселен, қазір «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының YouTube арналары оқырман саны миллионнан асқан кезде берілетін «алтын батырма» марапатының иегерлері», - деді Асқар Омаров.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT