Қазақстан-Сербия бизнес форумында 4 меморандумға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Сербия Президенті Александр Вучич пен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан-Сербия бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бизнес-форум барысында 4 ведомствоаралық меморандумға қол қойылды. Олар: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы әуе тасымалы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы меморандум, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму министрлігі мен Сербия Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум, «Ветеринарлық медицина ұлттық анықтамалық орталығы» РМК мен Сербияның ғылыми ветеринарлық институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Айта кетерлігі, шараға агроөнеркәсіптік кешен, химия, туризм, медицина, көлік, телекоммуникация секілді салалардағы сербиялық тараптың 100-ге жуық бизнес өкілдері қатысты. Серб компаниялары арасында Algotech (телекоммуникация), Chemical Agrosava (химия), Akomed (медициналық жабдықтар өндірісі), Аданко (тоқыма), Meat ING Belgrade (ауыл шаруашылығы), Ветеринарлық медицина институты, Белград әуежайы сияқты ірі компаниялар бар.
- Елорда мен 4 облыста ескерту жарияланды
- Елордада «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді
- Елорда маңындағы бірқатар жолдар ашылды
- Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді
-
Қазақстанның әуе компаниялары 10 айда 7,1 млн жолаушы тасымалдаған
-
Қазақстанда жыл басынан бері 82,5 млн тонна мұнай өндірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам