+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Қазақстан сенаторлары Татарстан Президентімен кездесті

2019 жылғы 10 желтоқсан 14:08
Бөлісіңіз:
Қазақстан сенаторлары Татарстан Президентімен кездесті

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және бір топ сенаторлар Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Кездесуге сондай-ақ Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Ильяс Умаханов, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин, сенаторлар Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ольга Перепечина, Талғат Мұсабаев, Владимир Волков қатысты.

Татарстан Президенті кездесуді аша отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде дамыту өте маңызды екенін атап өтті.

А.Шәкіров өз кезегінде Қазақстан Ресей Федерациясының жетекші әрі экономикалық дамыған субъектілерінің бірі болып табылатын Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты қарқынды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Біздің халықтарымызды тарихи және мәдени тамырластық байланыстырады. Бүгінде Қазақстанның Татарстанмен қарым-қатынасы барлық салада жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді», - деді төраға орынбасары.

Кездесу барысында тоқтап қалған Нұр-Сұлтан-Қазан тікелей әуе бағытын ашу, екі жақты тауар айналымын одан әрі дамыту, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бүгінде Татарстанның жоғары оқу орындарында қазақстандық 1300-ден астам студент білім алуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT