+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қазақстан сегіз айда 44 млн тонна мұнай экспорттады

2021 жылғы 14 қыркүйек 12:21
Бөлісіңіз:
Қазақстан сегіз айда 44 млн тонна мұнай экспорттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар-тамыз аралығында Қазақстаннан 44 млн тонна мұнай экспортталып, жоспар 100 пайыз орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай мәлімет ұсынды.

«Көрсетілген кезеңде 56,1 млн тонна мұнай және конденсат өндірілді. Бұл – осы жылға жоспарланған көрсеткіштің 99,3 пайызы. Есептік кезеңде «Қарашығанақ» жобасында жоспардың толық орындалмауы байқалады. Яғни, кестеден қалып барады. Себебі, Орынбор газ өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты газ қабылдау шектелді», - деген министр мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың көрсеткіштеріне тоқталды.

«Теңіз» жобасында аталған кезеңде 17,1 млн тонна мұнай өндірілді. Яғни осы жылғы жоспар 100 пайыз орындалды. Қашаған немесе Солтүстік Каспий жобасында мұнай өндіру көлемі 10,2 млн тоннаға жетіп, жоспар асыра орындалды. «Қарашығанақ» жобасы бойынша 7,8 млн тонна мұнай өндіріліп, жоспар 93 пайыз орындалды. Осы есепті кезеңде 44 млн тонна мұнай экспортталды. Яғни 8 айдың жоспары 100 пайыз орындалды», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, газ өндіру жоспары 98 пайыз орындалған.

«Газға келсек, есепті кезеңде 35,5 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл осы жылға жоспарланған көрсеткіштің 98 пайызына тең. Газ өндірісінің төмендеуі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Өйткені ол мұнай өндіру кезінде алынатын ілеспе газ болып отыр. Тауарлық газдың ішкі тұтыну көлемі жоспармен салыстырғанда 12 пайыз өсіп, 11,6 млрд текше метрге жетті», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT