Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстан сайлаушыларының 77 пайызы дауыс берді

2019 жылғы 9 маусым 20:33 1319
Бөлісіңіз:
Қазақстан сайлаушыларының 77 пайызы дауыс берді

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан сайлаушыларының 77 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары алдын ала ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  77 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83,  Ақтөбе облысы бойынша 84,6, Алматы облысы  бойынша 89, Атырау облысы бойынша  71,2, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,5, Жамбыл облысы бойынша 81,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,2, Қарағанды облысы бойынша 77,1, Қызылорда облысы бойынша 77,6, Қостанай облысы бойынша 84, Маңғыстау облысы бойынша 68,3, Павлодар облысы бойынша 79,5, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8, Түркістан облысы бойынша 84,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,3, Алматы қаласы бойынша 52,2, Шымкент қаласы бойынша 67,1 пайыз дауыс берді", - деді Сәбила Мұстафина.

null 

Оның айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес президент сайлауында дауыс беру сайлау күнінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін өткізіледі. "Қазіргі сәтте дауыс беру сағат 21-00-де бітетін 4 батыс өңірдегі және Қызылорда облысындағы 1 899 учаскені қоспағанда елдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру бітті. Сонымен қатар 40 елдегі 51 шетелдік учаскеде дауыс беру жүріп жатыр", - деді ол.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сайлау 2019,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT