Қазақстан сәуірде Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізеді

None
Фото: shutterstock.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жөнелтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания мәліметінше, биылғы ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды тасымалдаған.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Германияға ақпанда - 20 мың, наурызда - 20 мың, бас-аяғы 40 мың тонна мұнай жөнелткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар