Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық уағдаластықтарды құптайды - СІМ

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 10 наурызда Бейжің қаласындағы Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз. Бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді. Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру және өзара елшіліктерін ашулары өңірлік және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз»,- делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасын қалпына келтіретін болып келісті.
Соңғы жаңалықтар