«Қазақстан» РТРК түркиялық ТRТ-мен жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен түркиялық «ТRТ» радиотеледидаркорпорациясы арасында екіжақты өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екіжақты құжатқа «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин және Түркия Радио Теледидар корпорациясының Бас директоры Ибрахим Эрэн қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты - радио және телевизизия саласында бірлесіп жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу. Меморандум бұқаралық ақпарат құралдарының басым бағыттары бойынша жұмысты нығайтуға және шығармашылық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Жалпы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен ТРТ корпорациясының арасындағы қарым-қатынас бірнеше жылдар бойы тұрақты түрде дамып келеді. Бұл меморандум медиа саладағы екіжақты жұмысты одан әрі жетілдіріп, жаңа серпін беруге септігін тигізеді.

Айта кетерлігі, Түркияның басты хабар таратушысы - ТРТ корпорациясы 1964 жылдың 1 мамырында құрылған болатын. Бүгінгі күнде ТРТ корпорациясының құрамына «ТРТ HD», «ТРТ Хабар», «ТРТ Çocuk», «ТРТ-Аваз» және т.б. 10-нан астам түрлі халықаралық, республикалық, аймақтық телеарналар мен радиолар кіреді. 

Соңғы жаңалықтар