«Қазақстан» РТРК Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
2018 жылғы 30 тамыз 13:03

«Қазақстан» РТРК Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин Головкин - Альварес жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздермен тағы да бір жақсы жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. Бірнеше апта бойы жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде бүгін түнде американдық әріптестерімізбен нақты келісімге келіп, қазақстандықтардың көптен күтіп отырған Генадий Головкиннің кезекті жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей трансляция жасауға қол жеткіздік. Бұл келіссөздер ұзаққа созылды, дегенмен де әріптестерімізбен қалыптасқан жақсы байланыстардың нәтижесінде келіссөздер уақытылы аяқталып, алдағы трансляцияның негізгі шарттары мен техникалық параметрлері екі жақты қарастырылып шешімін тапты», - деп жазды Е.Қарин Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған бокс кеші Қазақстанда 16 қыркүйекте таңертең басталады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT