Қазақстан резиденті емес тұлғаларға берілетін жеңілдіктер күшін жояды– министр
2022 жылғы 28 маусым 18:48

Қазақстан резиденті емес тұлғаларға берілетін жеңілдіктер күшін жояды– министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық саясатындағы жаңашылдықтар туралы мәлімет берді ,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында сөз сөйлеген Қаржы министрі өткен аптада Парламент пайдалы қазбаларды игеру салығының мөлшерін көбейту мәселесін қарағанын еске салды.

«Бұл жылына бюджетке 200 млрдтеңгеге дейін қосымша түсім алуға мүмкіндік береді. Негізі бұл мәселені біз бизнеспен, таукен кәсіпорындарымен талқылап бастаған кезде 300 млрд теңгенің межесі қойылған еді. Бірақ ұзақ талқылаулардан кейін ортақ бір тоқтамға келдік. Бірақ келесі жылы кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады. Ондай кәсіпорындар 5 жылдың ішінде 15% тиімділікке қол жеткізуі керек», -деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі елден қаражатты сыртқа жылыстатуды ынталандырмау үшін Қазақстан резиденті емес тұлғаларға ұсынылатын жеңілдіктердің күшін жойылатынын атап өтті.

«Қазақстан резиденті еместерді елден шығару үшін 30 мың АЕК көлемінде шек қойылады. Бұл шамамен 95 млн теңге. Ұдайы сауда жүргізетін биржалық акциялар босатылады. Материалдық емес қызметтербойныша резидент еместерге қатысты шегерім салық салынуға тиіс кірістің 3%-ы көлемінде бекітіледі. Сонымен қатар темекі бұйымдарына салынатын мөлшерлемелерді кезең-кезеңмен көтеру, майингке салық салу мәселелері бойынша да маңызды түзетулер көзделіп отыр», - деді министр.


Ұқсас жаңалықтар
Шетелден пестицид пен асыл тұқымды мал әкелетіндерге салық жеңілдігі бар
2022 жылғы 9 тамыз 21:33

Шетелден пестицид пен асыл тұқымды мал әкелетіндерге салық жеңілдігі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пестицид, асыл тұқымды мал және тірі ірі қара малды импорттаушыларға арналған салық жеңілдігі қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне қосылған құн салығын әкімшілендіруге өзгерістер енгізілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Мұндай өзгерістер Салық кодексінің 427 және 428-баптарына енгізіліп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Түзетулерге сәйкес, пестицидтер (улы химикаттар), асыл тұқымды мал, қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар және тірі ірі қара мал импорттау кезінде есепке алу әдісімен қосылған құн салығы төленетін тауарлар тізіміне енді.

Түзетулер бизнес-қауымдастығының ұсынысы негізінде енгізілген.

Осыған дейін 2021 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР Заңымен аталған тауарлар жеңілдіктер тізілімінен алынып тасталған болатын.

Сондай-ақ, импорттау кезінде есепке алу әдісімен қосылған құн салығы төленетін тауарлар бойынша талап қою мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.

Аталған өзгеріс 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 434-бабынның 2-тармағына қосылған құн салығын қайтаруды әкімшілендіру бөлігінде редакциялық түзетулер енгізілді.

Оған сәйкес, «айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерді «айырбастау кезінде шикізатты экспорттаушылар» деген сөздермен ауыстырылды және «шикізат экспортынан» деген сөздер алынып тасталды.

Бұл нормалар шикізат экспортынан түскен валюталық табыстың 50%-тен кем емес бөлігін ұлттық валютаға айырбастаған тұлғалар үшін қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған тәртіптен қайтаруға мүмкіндік береді.

Аталған өзгеріс 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енді.


Мүлік салығын төлемей жүрген атыраулықтардың қарызы 385 млн теңгеге жеткен
2022 жылғы 6 тамыз 18:40

Мүлік салығын төлемей жүрген атыраулықтардың қарызы 385 млн теңгеге жеткен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғындарының жылжымайтын мүлікке қарызы 385 млнтеңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім

еткендей, жылжымайтын мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеуі қажет,

«Қазір екінші деңгейдегі банктер жеке тұлғаларға SMS және PUSH-хабарламалар

бойынша мүліктің алдағы салық төлемдері бойынша ақпарат жіберді. 2021 жылға

арналған салықты екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге

болады. Есептелген салық сомасы салық төлеушілердің дербес шотындағы артық төлемді

ескере отырып көрсетіледі. Салық берешегін e-SalyqAzamat мобильді қосымшасынан да

тексеруге болады. Өйткені, е-SalyqAzamat қосымшасындағы «Электрондық сервистер»

бөлімінде «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» бөлімшесі бар. Онда ЖСН бойынша

мүлік салығы бойынша алдағы төлемдер туралы мәліметтер көрсетіледі», -деп хабарлады

департаменттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер департаменті аймақ тұрғындарын 1 қазанды күтпей-ақ салық төлеуге

шақырып отыр.

«Биылғы 1 тамыздағы мәліметке сәйкес облыс тұрғындарының мүлік салығы 385,1 млн

теңгеге жеткен. Борышкерлер қатарында 22,8 мың адам бар. Олардың басым бөлігі – 17,5

мың адам Атырау қаласында тұратын тұрғындары екенін белгілі болып отыр. Шаһар

тұрғындарының берешек сомасы 309,2 млн теңгені құрайды», -деп мәлім етті

департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулықтар көлікке 355 млн теңге салық төлемегенін

https://www.inform.kz/kz/atyraulyktar-kolikke-355-mln-tenge-salyk-tolemegen_a3960378

хабарлаған болатынбыз.


Елге 4 млн қораптан астам темекі контрабандалық жолмен кіргізілмек болған
2022 жылғы 5 тамыз 19:04

Елге 4 млн қораптан астам темекі контрабандалық жолмен кіргізілмек болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн қораптан астам темекіні контрабандалық жолмен әкелуге тырысты. Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы – 1,2 млрд теңге. Аталған жайт туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде «сәйкестендіру құралдарымен таңбалаусыз темекіні» заңсыз алып өтуге байланысты кеден заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады. Барлық 3 фактінің қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар.

Мысалы, «Алматы» кедендік ресімдеу орталығының қызметкерлері Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жүкті тексеру кезінде таза салмағы – 24,2 тонна, (1,422 млн қорап) темекі тапты. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің сомасы – 403 млн теңге болды. Материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәселені шешу үшін көлік прокуратурасына берілді.

Сондай-ақ, «Алматы» КРО қызметкерлері Латвиядан Қазақстан аумағына әкелінетін, салмағы – 13 тонна (656 мың қорап) осыған ұқсас жүкті ұстады. Бюджетке төлеуге тиісті сомасы – 184,5 млн теңге.

«Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік жете тексеру барысында инвойсқа сәйкес 45,6 мың орам көлемінде «дәретхана қағазы» деп мәлімделген тауарды анықтаған. Алайда, алдын ала тексеру барысында «сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған темекі өнімдері» тауары нақты анықталды. Саны – 2, 090 млн қорап. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала есептелген сомасы – 587,9 млн теңге», - делінген Комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылғы қазаннан бастап барлық импортталған сигареттер Қазақстан аумағына не кеден қоймаларына әкелгенге дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға тиіс.

Осы орайда, Комитет ҚР Кеден кодексі 34-бабының 1-тармағына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болатынын еске салады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі.




Фото: kgd.gov.kz


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT